Instagram: kair_n

Қайрат Нұртасты 35 жасқа толуымен оның отбасы құттықтады. Әншінің жұбайы, актриса Жұлдыз Абдукаримова балаларының видео құттықтауын жариялады.  

Қайрат Нұртастың балалары әкесінің туған күніне арналған әсерлі бейнеклип дайындады — «Менің әкем — ең жақсы адам» әнін орындады. Видеоны Жұлдыз жариялап, құттықтауын постқа жазды. 

«Халықтың, сахнаның, ағайынның ҚАЙРАТЫ, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін.Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!»

деп жазды Абдукаримова. 

Жұлдыздың құттықтау мәтінін жанкүйерлер талдап, әр фразаның артындағы жасырын мағыналарды болжауға тырысты.

 «Егер «Менің Қайратым» десеңіз, жағыңыз түсіп қала ма?», «Ол анасының Қайрошы, тіпті қазір оның жанында отыр», «Қайрат болмағанда, сізді білмес едік», «Менің ойымша, ол жүрегі қалағандай айтты. Олардың ішкі мәселелерін қайдан білеміз?» – деп пікір қалдырды оқырмандары.


Поделиться: