Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында кезекті «сұрақ-жауап» айдарын өткізді. Қазақстандық әнші отбасылық бюджет, жоспарлары және отбасылық өмірі туралы айтып берді.
Instagram желісіндегі жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ерке Есмахан жеке өмірінің кейбір аспектілерін айтты. Оқырмандары жұлдыздан екі айлық ұлы Ислам кімге ұқсайтынын сұрады.
«Оны көргенде өздеріңіз айтарсыздар. «Қан су емес» деген сөз рас екен ғой»,
деп жазды әнші.
Әнші босанғаннан кейінгі артық салмақ тақырыбын қозғады — оның айтуынша, 5 кг артық салмағы бар. Еркенің дене пішініне RaiM қалай қарайтынын айтты. «Соңына дейін мен әлі арықтаған жоқпын — кетпей тұрған 5 кг бар, қазір салмағым 58. Диетаға отырайын десем, баланы емізу керек. Күйеуім де арықтама, кішкене томпаңдағаның ұнайды деп ол отыр», – деді Ерке. Сондай-ақ, әнші күйеуінің үлкен ұлы Муслиммен қарым-қатынасы жайлы бөлісті — оның айтуынша, олар өте жақын. Жанкүйерлер Есмаханның өмірі оны Instagram-да көрсететіндей ме деп сұрады. Ол күліп, одан да күшті деп жауап берді.
Танымал ерлі-зайыптылардың өмірінің қаржылық аспектісі жанкүйерлерді де қызықтырды. Жанкүйерлердің бірі RaiM екеуінің отбасылық бюджетті қалай бөлетіндерін сұрады. «Қысқаша айтайын — ақша табушы Райм, жұмсаушы мен. «Миллионер болғың келсе, әйелің ақшаны көп жұмсасын дегендей. Мен күйеуімді миллионер емес, миллиардер еткім келеді», – деп жазды әнші.
Фото: Instagram