Қазақстандық актриса, Globe 2023 вице-миссис атанған Альмира Тұрсын, жауынгер қыз бейнесінде. Әлеуметтік желіде жаңа фотосуреттер пайда болып, жанкүйерлерін қуантты. 

Мұндай образда Альмира Тұрсын фотограф Дарья Дуничтың камера объективінде көрінді. 

«Бикеш жауынгер, әйел жауынгер — архетиптік образ, әйел кейіпкері, патша қанынан, ол күшті мінезге ие және әдетте «ер» ісімен айналысады. Қазіргі әлемде бұл әйел стереотипі өз мақсаттарына жетуге тырысатын тәуелсіз әйелді бейнелейді…»,- деп суреттің астында жазылды.

Оқырмандары Альмираның жаңа бейнесін оның «Томирис» тарихи фильміндегі сақ-массагет патшайымы рөлімен бірден салыстырды. «Бұл Томирис емес. Бұл заманауи образ», – деді фотограф. 

«Керемет, неткен сұлулық», «Әрқашан әдемі», «Томирис» — өте жақсы фильм», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: