Damelya Sweet
Instagram: damelya_sw_

Damelya Sweet Дубайдағы демалысынан фотосуреттер мен видеолар бөлісуін жалғастыруда.

Ару күн шуақты Дубайда әдемі демалыс өткізіп жатыр. Блогер Араб Әмірліктерінде болған кезінде түсірілген әртүрлі образдағы ең жарқын фотосуреттерді жариялады. Керемет кешкі көйлектер, зергерлік бұйымдар, премиум қонақ үй, сәнді авто — Дәмелінің эстетикасы өзгеріссіз қалады. Әзірге оның тұрмысқа шықпаған қыз статусы да өзгермейді. Блогер бұл туралы былай деді: «Саусағымда гауһар жоқ, бірақ гауһар жүрегім бар». 

Шамасы, миллионер блогердің қазіргі өмір салты өзін толық қанағаттандырады. Ол, сондай-ақ, субұрқақтардың жанында күліп тұрған видеоны көрсетті.

«Сен өзіңді тапқан кездегі сезім»,

деп жазды Дәмелі. 

Жақында ару инста парақшасына Дубайдағы жағажайдағы суреттерін жүктеген еді. «Өзіме өзім папикпін», – деп жазды блогер сол постқа.


Фото: Instagram

Поделиться: