RaiM 2 айлық ұлын мұхитқа түсірді, ол үшін Қазнеттің мазасыз пайдаланушыларының сынына қалды. Музыкант Мальдив аралдарында жұбайы Ерке Есмахан және отбасымен демалыста.
RaiM ұлы Исламмен жеке сәтін көрсетті. Жас әке баланы Үнді мұхитының бойымен серуендеуге алып барды және күн сәулесінің астында оны аяғымен суға кіргізуге шешім қабылдады. «Мән» деп қысқаша постқа жазба қалдырды
Қазнет қолданушылары сүйсіне қарады, бірақ алаңдады — көбісі 2 айлық Ислам суда аяғымен тұруға тым кішкентай деп ойлады. Басқа оқырмандар күн батқан кезде баланы суға батыруға болмайды дейді. «Баланы түнде суға апаруға болмайды!», «Баланы аяғымен тұрғызуға әлі ерте. Бұл балаға зиян. Ол кем дегенде 7 айға толғанша күту керек», – деп видео астында пікірлер жазылды.
Мұндай ойлардың көптігі сонша, Райымбекке ұлы үшін алаңдағандардың бәрін тыныштандыру үшін жауап беруге тура келді. «Аяғын қатты бастырған жоқпын. Белінен ұстап көтердім. Уайымдамаңыздар. Жұғысты болсын бәріңізге осындай мән», – деп жазды RaiM.