Қыста махаббат ауада жүргендей болады. Аспаннан жауған ақ қарды көргенде, романтиканы қалай қаламауға болады. Мүмкін осы айда сен қалаған нәрсе болатын шығар? 

Егер оқу және жұмыс тапсырмалары үшін алғыс айту керек болса, бізді жалғыздықтан және фильмдердің ең романтикалық көріністерін қайталайтын адамды табуға деген ұмтылыстан ойымызды бөлітіні үшін айтамыз. Біз кейде «махаббат» деп аталатын сиқырлы ел бар екенін ұмытып кетеміз.

Қаңтар айының соңы жағымды тосын сый жасағанын білу үшін тезірек төмендегі ақпаратты оқы.

Сұйқұйғыш

Айдың аяқталуы сен үшін өзгеріске толы болады. Жұлдыздар қаңтар айының соңы жағымсыз айырылысумен аяқталатынын айтады, бірақ уайымдама, сенің жаралы жүрегіңді жаңа таныстық тез емдейді.

Егер бұрынғы қарым-қатынасың эмоционалды әткеншек сияқты болса, қазір сені мүлдем басқа сюжет күтіп тұр. Сен берік достық қарым-қатынастан бастайсың, ол үлкен махаббаттың маңызды негізі болады және сенің өмірге деген көзқарасыңды өзгертуі мүмкін.

Таразы

Бұрынғы қарым-қатынастар туралы үнемі ойлап жүрдің және қайта қосылуыңды күттің бе? Барлығы өткенде қалды. Бұрынғы адам сені жіберуге мәжбүр болады. Осы айдың соңында ақыры осы күйден шығып, сені қинауға және манипуляцияларға жол бермейтін лайықты адамды кездестіресің.

Жаңа қарым-қатынастар сенің психикалық денсаулығыңды қалпына келтіреді және жаңа деммен әлемнің барлық шыңдарын бағындыруға дайын боласың. Жауапсыз қалған хаттар болмайды. Тек өзара құрмет пен түсіністік.

Мерген

Сен әрқашан бәрін және барлығын, соның ішінде, өзіңді және сезімдеріңді бақылауда ұстайсың. Алайда, осы айдың соңында романтикаға түсу үшін қырағылықты төмендетуің керек.

Барлығын өз қолыңа алудың қажеті жоқ, өйткені сен ақыры өз өмірлік серігіңді кездестіресің. Қарым-қатынасты сақтау үшін  қатты тырысудың да қажеті жоқ. Екеуің де түсінесіңдер — бұл тағдыр. Сонымен қатар, ол сенің тәжірибең мен уайымдарыңның бір бөлігін өзіне алатын бастамашыл және жанашыр адам болады, сондықтан өмірдегі жаңа кезеңнің басталуына дайындал, онда сен өзіңнің нәзік иығыңа көптеген міндеттер мен ауыр жүктерді артпайсың.


Фото: Pexels

Поделиться: