Ғалымдар кофені қалай дұрыс ішу керек екенін айтты
Unsplash: Aviv Rachmadian

Ғалымдар күніне қанша кесе кофе ішуге болатынын анықтады. Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес, күніне төрт кеседен аспайтын кофе ішуге рұқсат етіледі, деп жазады Daily Mail. 

Дегенмен, кофені кешке ішуге болмайды, себебі бұл ұйқының бұзылуына әкеледі.

Ұйқының бұзылуы өз кезегінде жүрек ауруы, бүйрек ауруы, жоғары қан қысымы және қант диабеті сияқты денсаулық проблемаларын тудырады.

Тым ерте кофе ішу де ұсынылмайды. Сондықтан ғалымдар бірінші шыныаяқты таңғы 9.30-дан ерте ішпеу керек дейді.

Бұл адамға максималды қуат алуға және жүйке жүйесінің бұзылуынан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, итальяндық зерттеушілердің пікірінше, бұл сусын Альцгеймер мен Паркинсон ауруларының даму қаупін азайтуға қабілетті. Сондай-ақ, таңертең жылы лимон суы оянуға , ал мүкжидек өмірді 31% ұзартуға көмектеседі.


Фото: Unsplash

Поделиться: