Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылды
Фото: facebook.com/KuandykBishimbayev

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр.

Бұған дейін ол «Аса қатігездікпен кісі өлтіру»ісі бойынша тергелген еді.

Енді Салтанат Нүкенованың өлімі үшін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-тармағы, яғни «Азаптау» бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал, Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша істі болып жатыр.

Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Бишімбаевты «Азаптау» бабы бойынша төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.


Фото: Facebook

Поделиться: