Қазақстандық актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желі қолданушыларын шығармашылық фотосессиямен тағы да таң қалдырды. Оқырмандары оның образына баға берді .

Айжұлдыз ерекше бейнеде фотолар сериясын жариялады. Оны жасау үшін актриса сәнді киім, ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар мен қара етік киді. Образын шаш үлгісімен толықтырды — Айжулдыз бірнеше өрім өріп, кекілін қысқа етіп қиып тастады.

«Сөз жоқ!», «Ерекше», «Маған Айжұлдыз ұнайды, жақсы, әдемі қыз, ол өнер адамы болғандықтан, ерекше», «Бұл кездейсоқ басқа ғаламның суреті емес пе?», «Үздік», «Талантты», «Менің ойымша, ол рухы мықты қазақ қызын бейнелеген сияқты»,

деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары. 

Осыған дейін Адайбекованың басқа шығармашылық образынан шабыттанған оқырмандары актрисаның Голливуд фильмдерінде ойнауы керек екенін атап өтті.


Фото: Instagram

Поделиться: