Отандық әнші Дильназ Ахмадиева отбасылық өмірі мен баласы жайлы «4:1» подкастында айтты. Сәби сүюді армандаған Дильназ тоғыз жыл бойы бедеулікпен күрескен.
Әнші ұзақ уақыт бойы балалы бола алмаған. Араға жылдар салып өнер иесінің қалауы орындалды. Ол 39 жасында алғаш рет ана атанды.
«Дәрігерлер бала көтеру мүмкіндігі жоқ екенін айтты. 9 жыл бойы үміт үзбей, бедеулікпен күрестім. Біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім. Бірінші некеде баламыз болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы емделудің нәтижесінде Зейданды дүниеге әкелдім. Бұрын «жасым өтіп барады, бала туу керек» деп ойлайтынмын. Қазір дәл уақытында ана атаныппын деймін. Оған дейін дайын болмағанмын. Менің болмысымды өзгерткен — балам. Бұрын ер бала секілді жүретінмін, қазір әйел сезінемін өзімді»,
дейді әнші.
Фото: Instagram
Поделиться: