Салтанат Нүкенова
Instagram: @_salta_n

«Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты айтар болсақ, Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасау туралы қылмыстық іс аясында материал келіп түскені рас. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді», — деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске сала кетейік, жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғаны қараша айының басында белгілі болды. Қуандық Бишімбаев жұбайын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Кейінірек бұл іс «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша қайта қаралды.


Фото: Instagram

Ақпарат көзі: KTK

Поделиться: