Instagram: saya_orazgaliyeva

Қазақстандық актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова күйеуін әлеуметтік желіде туған күнімен құттықтады. Ғашықтар Парижге барып, романтикалық демалыс өткізуде.

Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тлеуханов осы жылдың шілде айында үйлену тойларын өткізді. Кейінірек Әсел күйеуі екеуі уақытша көшіп келген Дубайдағы пәтерін көрсетті. Қазір ерлі-зайыптылар әлемдегі ең романтикалық қала Парижде.

Мағжанның туған күнінде Әсел әлеуметтік желіде оны қатты жақсы көретінін айтты.

«Менің бүгінгі сөздерім саған күн сайын айтатынымнан онша ерекшеленбейді — мен сені жақсы көремін және жай ғана бар болғаның үшін алғыс айтамын. Жаным, сен нағыз еркексің — ақылды, дана, мейірімді, түсінетін, талантты, көңілді, сен кереметсің, егер сен өзіңді менің көзіммен көрсең, енді өзіңе ешқашан күмәнданбас едің. Мен сенен көп нәрсені үйреніп келемін, сен адамдардан жарық көре аласың және оларды әрқашан сол күйінде қабылдайсың, сенің жүрегің үлкен», — деп атап өтті Әсел. Оның жылы тілектеріне оқырмандары да қосылды. 

«Армандарың міндетті түрде орындалсын, мен сені әрқашан барлық жағынан қолдаймын және сенің соңыңнан еремін»,

деп жазды Әсел. 
Поделиться: