Instagram: erke_esmahan

Жақында екінші рет ана атанған 38 жастағы отандық әнші Ерке Есмахан сәбиімен бірге перзентханадан үйге келгенін айтып, Instagram-ға жаңа фотосурет жүктеді.

Келесі күні Ерке Есмаханның ұлды болғаны белгілі болды. Қуанышты оқиға туралы күйеуі, рэпер RaiM әлеуметтік желіде хабарлады. 

Біраз уақыттан кейін Ерке жаңа туған ұлымен күйеуінің суретін көрсетіп, перзентханадан оқырмандарымен байланысқа шықты. 

Әнші, қазір екі баланың анасы, стористе жаңа фотосурет көрсетті. Ол сәбиімен бірге перзентханадан шығарылғанын  айтты. 

«Сәлем Инста! Бала екеуміз біраздан бері үйдеміз және біздің жұмыс күндеріміз фотодағы сияқты басталып кетті. Туа сала Ерке қақшаңдап кетіпті ғой демесін деп. Әрине көз тимесін деп, кішкене инстадан алшақтадым, үлкендерді тыңдап. Ертең барлығын айтып, көрсетемін. Іздеп жатқандарға рақмет. Бізде бәрі керемет. Аллаға сансыз шүкір»,

деп жазды әнші.
Поделиться: