Голливуд кинокомпаниясы ерлер жарысында жеңіске жеткен Шабандоз қыз туралы толықметражды фильм түсіреді. Түсірілім Қазақстан мен АҚШ-та өтеді.
Бірінші бірлескен қазақстан-америка лентасы құрылуға дайындалуда. Голливуд авторлары сценарийді дайындап қойған. Түсірілім алдағы жылы басталады деп жоспарлануда.
«Мен Астанада болдым, Қазақстан бойынша саяхаттадым, жергілікті тұрғындармен сөйлестім. Олардан мен дәстүрлер мен ырымдар туралы білдім, және бұл мен үшін өте дәмді болып көрінді, бұл маған оқиға жазу үшін барлық қажетті материалдарды берді. Қазақстан мәдениетінің байлығы мені таң қалдырды. Ат жарысы дәстүрі, адамдардың құндылықтары сияқты дүниелерді АҚШ-та көрсете аламыз деп ойладым және американдықтар оны жақсы көреді. Америкада жарысып жатқан қазақ қызының жеңіс оқиғасына қызығушылық танытатындары сөзсіз»,
деді сценарист Том Тичолз.
Лентадағы басты рөлді қазақстандық актриса Аянат Ксенбай сомдайды. Ол көрермендерге «Көшпенділер» және «Лейланың дұғасы» фильмдерімен танымал. Актриса бұрыннан ат спортымен айналысады дейді кинорежиссерлер. Таспаға қалған актерлерді таңдау жүріп жатыр.
Фильмнің бюджеті бекітілген және 45 миллион долларды құрайды. Картинамен жұмыс қазақстандықтар үшін 2,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.
Фото: Unsplash