Төреғали Төреәлі
Instagram: toregalitoreali

Отандық әнші Төреғали Төреәлі қала көшелерін тазалап жатқан бейнеролик жариялады. Ол қоғамдық жұмыстарға тартылған болатын.

Өзінің ресми Instagram-парақшасында арнайы форма киген қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі қала көшелерін қалай тазартатынын көрсетті. Еске сала кетейік, қыркүйек айында Алматы соты полициямен болған оқиға бойынша үкім шығарып қоғамдық жұмыстарға 40 сағатқа дейін тартылды.

Айта кетейік, 14 маусымда Алматыда полиция қызметкерлері Төреғали Төреәлиді мас күйінде ұстады. Әнші 20 күнге қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. 

Кейінірек оның адвокаты Тілеужан Кішкенебаев көлікте ұсталған сәтте онымен бірге жүкті жұбайы болғанын мәлімдеді. 

16 маусымда оған қатысты ҚР ҚК 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс басталғаны белгілі болды. 

Кейін қазақстандық әнші тағы үш тәулік қамауға алынды. Содан кейін әншіні тағы да жазаға тартылып, тағы екі тәртіп бұзушылық үшін 15 күн алды. 

Шілде айының ортасында Төреғали Төреәли босатылды.


Фото: Instagram

Поделиться: