«Бұл өмір заңдылығы»: Балжан Бидаш ажырасу ашық туралы айтты
Instagram: @bidash_official

Балжан Бидаш өміріндегі өзгерістер туралы айтты. Ол Instagram-да оқырмандарымен өз ойларымен бөлісті.

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Жахан Утарғалиев әйелімен келіспеушілікті меңзеп, жанкүйерлерді күтпеген мәлімдемемен үрейлендірді. Кейінірек әнші күйеуімен ажырасқанын растады.

Балжан өзінің блогында ойын ашық айтты.

«Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл стресс, депрессияны тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өз-өзімді қолға алдым, жинадым»,

деп жазды.

Балжан оған ажырасқан қыздар көп жазатынын айтты.

«Бұл өмір заңы. Әр адамның басынан өтуі ғажап емес. Развод – маленький смерть деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Қатты әңгіме болып жатқанын білемін. Әрі қарай қалай өмір сүресің деп сұрағанда ол нәрсе де есіме түсті. Бірақ мен өз ақылыма, сіздердің қолдауларыңызға сенімідімін»,

деді ол.

Ол өзінің тағдырына жауап беруге дайын екенін айтты.

«Қазір өзіме өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ мен өзім үшін өзім жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын тек алға қарай жылжу керек»,

деп жазды Балжан.

Фото: Instagram

Поделиться: