Қазақстандық ару виолончельдегі ойынның арқасында Tik Tok әлеуметтік желісінің жұлдызына айналды.
Жанель Саламатова өзінің TikTok және Instagram парақшаларында шағын музыкалық бейнелерді жариялайды. Қыз, атап айтқанда, миллиондаған адамдар жақсы көретін шығармаларды орындайды. Мысалы, 2009 жылғы корей фильмдерінің саудтрегін немесе «Интерстеллер» фильміндегі әйгілі саундтректі оруындау арқылы желі пайдаланушылардың жүрегін жаулап алуда.
Жанель өзі туралы аздап айтып берді. Ол 21 жаста, Алматыда тұрады және оқиды. Ерте жастан бастап музыкаға құмар.
@zhanelya.salamatova Признавайтесь девачки, вы же тоже мечтали о принце как Гу Джун Пе 🤪 #цветочкипослеягодок #boysoverflowers #cover #cello #boysoverflower #boysoverflowersf4 #цветочкипослеягодокдорама #гуджунпё #лиминходорамы #лиминхо #цветочкипослеягодоктайланд #boysoverflowerskdrama #чанди ♬ оригинальный звук — Zhanelya
«Анам мен әкем мені Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепке берді, ол кезде мен 7 жаста едім. Тыңдау кезінде Комиссия мүшелері виолончельде ойнауды бастауға кеңес берді, менің икемім болды. Мен олардың ұсыныстарын тыңдадым. Қазір консерваторияда оқып жүрмін. Музыканттың жұмысы шексіз дайындық және өзін-өзі жетілдіру. Ойын деңгейін, дыбыс сапасын, эмоционалды интеллектті үнемі арттыру өте қиын»,
деді ол.
Жанель жақында ғана музыкалық шағын видеоларды түсіруді шешкенін және әрқашан өзіне ұнайтын нәрсені ғана ойнайтынын атап өтті. Ол өзінің бейнелерінің танымал болғанына қуанышты екенінде айтты. Жанель әлемдік хиттерді де, қазақстандық эстрада композицияларын да орындайды.
Фото: Unsplash
Ақпарат көзі: Tengrinews