Сары шашты непо-бейби дегеніміз не?
Instagram: @lilyrose_depp

TikTok желісінде непо-бэйбидің басты белгісі табиғи жылтыр сары шаш екені анықталды. Бұл түске қалай жетуге болатынын айтамыз.

Хейли Бибер, Эппл Мартин, Лила Мосс, Лили-Роуз Депп, София Ричи Грейндж және басқалары сияқты ең танымал непо-бэйбилердің шаштары табиғатынан сары ма?

TikTok желісінде бұл соңғы екі айда талқылануда, ал референс бейнелер миллиондаған қаралымға ие болды. Evo Hair креативті директоры және Том Смитт шаштаразы сұхбатында непо-бэйби стиліндегі сары жұлдызды балалардың арқасында ғана емес, сонымен қатар ол Old money келбеті трендінің бөлігі болғандықтан танымал екендігін айтты.

«Жұлдызды балалар ең жақсы нәрселерге қол жеткізе алатынын бәрі біледі, соның ішінде олар ең жақсы шаш стилисттеріне баруға мүмкіндік алады, сондықтан сары шаштары табиғи көрінеді»,

дейді ол.

Шашты жылтыр етіп көрсету үшін Том үй күтімінде күлгін сусабындар мен түстерді сақтайтын өнімдерге, ылғалдандыратын және нәрлендіретін өнімдерге баса назар аударуға кеңес береді.

«Сонда шаш жылтырайды!»

деп қосты ол.

Фото: Instagram
Ақпарат көзі: Byrdie

Поделиться: