Сон Джун Ки әйелін өсектегендерге жауап берді
Instagram: @hi_songjoongki

Актер әйелі Кэти Сандерс жайлы өсек таратынтарды сыңға алып, оны қорғау үшін барын салуда. 

Сон Джун Ки «Безнадега» атты фильм арқылы үлкен экранға оралмақ. Жақында ол туындыны дамыту мақсатында Кореяға оралған еді. 

Промо-сұхбатында Сон Джун Ки тек «Безнадега» туралы ғана емес, отбасы жайлы да айтты. Баласы туралы сөйлескенде, Сонг Джун Ки өзінің әке болғанына әлі сене алмайтынын, бұл оны одан да көп жұмыс істеуге итермелейтінін баяндады. «Үш ай және 100 күн өтті баламның өмірге келгеніне. Баланы тамақтандырған кезде де: «Мен шынымен әкемін бе?» деген сұрақ келеді. Жаңа эмоцияларды сезінемін және жақсы өмір сүруім керек, жақсы адам болуым керек деп ойлаймын. Маған көбірек жұмыс істеу керек деген ойлар келеді»,

деп мойындады Сон Джун Ки.

Бұрын Сон Джун Кидің әйелі туралы әртүрлі қауесеттер болған. Журналист бұл жайлы да сұрады.

«Бір журналист әйелім туралы  роман жазды. Мен өз компаниямның қызметкерлеріне бұған жауап беруге тыйым салдым. Біреудің әйелім туралы бос сөз жазып жатқанын және жауапкершілікті өз мойнына алмайтынын көру ауыр болды. Егер мен қатты ренжіген болсам, онда әйеліме екі есе ауыр болғаны анық. Менің әйелім: «Ұлыбританияда да роман жазатын БАҚ бар»,- деп жауап берді, бірақ мен оның жүрегі ауырғанына сенімдімін»,

деді актер.

Фото: Instagram
Ақпарат көзі: The Girl

Поделиться: