Димаш Құдайбергеннің жаңа жұлдызды жанкүйері пайда болды
Instagram: @kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Қытайдағы Golden Panda сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысып, әнші Вэй Вэймен дуэтте іс-шараның басты тақырыптық әнін орындады. Әртістің өнері кино жұлдыз Джеки Чан-ды таң қалдырды.

Димаш Құдайберген Instagram-да Чэнду қаласында өткен шарадағы бейнесімен бөлісті. Әйгілі қытайлық әнші Вэй Вэймен бірге Димаш Join Hands әнін орындады. Туындыны әйгілі ұйымдастырушы композитор, Оскар сыйлығының музыкалық төрешісі Нэйтан Ван жазған.

«Біз “Golden Panda” кинофестивальінің басты әнін орындадық. Мен сізбен бірге өнер көрсеткеніме қуаныштымын, Вэй Вэй»,

деп жазды Димаш.
Shutterstock: Tinseltown

Залда отырған көрермендер қатарында әлемдік кино жұлдыз, актер, продюсер, каскадер және режиссер Джеки Чанды байқауға болады. Ол әртістердің қойылымын қуана бақылап, қол соғып отырды. Димаштың жанкүйерлері де таңданысын жасыра алмады.


Фото: Instagram/ Shutterstock

Поделиться: