BTS тобындағы Шуга
Instagram: agustd

Нетизендер Юнгидің әскерге кетуін талқылауда және иығын жарақаттап алуы кездейсоқ емес деп күдіктенеді. Олардың пікірінше, бұл әрекет әскери қызметін жеңілдету үшін істелген.

Шуганың әскерге жақын арада кететіні туралы жаңалықтардан кейін жанкүйерлер BTS мембрларының ішінде әскер тақырыбын жиі көтерген Шуганың өзі екенін атап өтті. Желіде рэпердің әскерге дайын екендігіне күдік келтіруде.

Мына сөздері үшін Юнгидің басы бәлеге қалды: «Дені сау жігіттерді төртінші деңгейге жатқызады. Қырсыққанда, менің еш жерім ауырмайды. Жастар үшін әскер өлім жазасы сияқты. Қалған 10% ер адамдарға қызығамын».

Бұл 10%- ға мемлекеттік қызметші ретінде балама қызмет өткеруге рұқсат етілгендер кіреді. Енді олардың қатарына Шуганың өзі қосылды. 2020 жылдың күзінде орындаушы иығына зақым келтіріп, ота жасаған болатын, бұл оған Отан алдындағы борышын тыныш және физикалық күш жұмсамай өтеуге мүмкіндік берді.

Кейбіреулер Юнгиді белсенді қызметтен қашуға тырысты деп айыптауда, бірақ ARMY бірден қорғап шығып, әскер үшін жарақат алды деп айыптау ақылға қонымсыз, ол Үкіметтің ұсынысын мемлекетке сіңірген еңбегі үшін қабылдады деп айтты.


Фото: Instagram

Поделиться: