Шуга әскер
Фото: Yeongjun Kim/ photokyj80

BTS-тің қалған мемберлері де отан алдындағы борыштарын өтеуге дайындалуда. Юнги келесі аптада әскери қызметіне кіріспек. 

Корей бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекет қанша тырысқанымен, BTS мемберлері елдегі барлық ер адамдар сияқты өз борыштарын өтемек. Джин мен Джей-Хоуптың артынан Юнги қызметке кіріседі.

BIGHIT MUSIC Шуганың 22 қыркүйекте әскерге кететінін растады. Компания жанкүйерлерден шығарып салмауларын сұрады. Басқа сарбаздарға қолайсыздық туғызбау үшін, оны әлеуметтік желілерде қолдаған дұрыс екенін айтты.

«Ол өзінің әскери қызметін аяқтағанға дейін Шуганы жақсы көруді және қолдауды жалғастыруларыңызды сұраймыз»,

деп атап өтті BIGHIT MUSIC.

Юнгиден кейін төртінші кезекте Намджун болуы ықтимал.


Фото: Yeongjun Kim

Поделиться: