Аиша Аха
Instagram: aishka_adi

Демалыс күндері Akha деген атпен танымал әйгілі қазақстандық орындаушы Ахмет Өсербек үйленді. Жаңалықты жас жұбайлар мен олардың достары Instagram парақшаларында бөлісті.

Музыканттың таңдауы Аиша есімді блогер қызға түсті. Ол бұрын сүйіктісінің клиптерінде пайда болған.

Үйлену туралы ұсыныс наурыз айында жасалды. Тамыз айында ғана жастар «неке қию», қыз ұзату рәсімдерін, күйеу жігіттің туған қаласында, Шымкентте және сенбі күні Алматыда достарының арасында үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Үйлену тойында түсірілген әдемі кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті.

Лирикалық әндерді орындаушының жұбайымен таныстығы да ерекше болған. Бұған дейін Аиша Ахметке әлеуметтік желілерде тіркелген болатын. Олар өзара тіркелгеннен кейін әнші Аишаны туған күнімен құттықтаған  және бірте-бірте жастар арасындағы қарым-қатынас байыпты қарым-қатынасқа ұласқан.  

Akha «Какая ты красивая», «Принцесса», «Закрываю глаза», «Insomnia» сияқты әндермен танымал.


Фото: Instagram

Поделиться: