Егер, бірнеше сағаттан кейін майлы болып кететін шаштан шаршасаң, оны түзететін бьюти-лайфхактарды қабыл ал.
Шаш түбінің майлануының көптеген себептері бар: генетикалық ерекшеліктер, шаштың нәзіктігі, сен тұратын жердің экологиялық жағдайы, жыл мезгілі және т.б. Бірақ шешімдер бар: трихолог Анабель Кингсли шаш балғындығын ұзартуға көмектесетін әдістер туралы айтты.
- Шашты терең тазартатын сусабын сатып ал. «Оны, әдетте, аптасына бір рет қолданады, өйткені оның құрамы күнделікті шаш күтіміне жарамайды. Бұл бас терісін кірден, шаңнан және макияж қалдықтарынан жақсы тазартуға көмектеседі, осылайша шашың ұзақ уақыт таза болады», — дейді Анабель Кингсли.
- Кондиционерді тек шаштың ұшына жақ. Егер сенде майлы шаш болса, кондиционерді азырақ қолдан. Өнімді тек шаштың ұшына немесе сәл жоғарырақ жақ, бірақ бүкіл ұзындығы бойынша емес. «Бұл сенің майлы шашыңды ауырлатуы мүмкін», — дейді Анабель.
- Сусабын қолдану мөлшерін қадағала. Егер, сен тым көп сусабын қолдансаң, шашың таза болмайды. Керісінше, Анабель өнім кондиционер сияқты шашты ауырлатуға қабілетті дейді. Одан кейін оларды қайта-қайта жууың керек болады.
- Шашыңды жина. Бұл «Иә, рахмет, әйтпесе біз білмедік» деген санаттағы кеңес сияқты. Бірақ, шашты ыстықта жинау керек — майлы болғанға дейін.
- Майлы тағамдарды тұтынудан аулақ бол. «Майлы, тым тұзды немесе тәтті тағам шаш сапасына әсер етеді, дәлірек айтқанда, май өндірісін тудырады. Бұл сізге керек пе?», — дейді Анабель.
Фото:
Поделиться: