Актриса Асель Сәдуақасова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыс құрғаннан кейінгі алғашқы күн қалай өткенін айтты.

«Бүгін менің жаңа статустағы алғашқы таңым. Мен өз әсерлерім туралы бөлісіп, кеше біздің бірінші күніміз қалай өткенін айтқым келеді. Біз түске таман бәрін аяқтап, түскі асқа бардық. Көптеген адамдар тойлап, көңіл көтердік деп ойлайды. Біз оны басқа күнге қалдырдық. Кеше біз жай ғана түскі ас іштік және әркім өз жұмысына кетті. Мен сағат сегізде жұмысымды бітірдім, ал Мағжан 23:30-да. Ол келгенде біз керемет фильм көрдік, бірақ романтикалық емес. Біз осындай көңіл-күйде ұйықтадық.

Қазір мен ояндым, йогамен айналыстым, таңертеңгілік процедуралар жасап, өз жұмысыма дайындалып жатырмын», — деп бөлісті.

Бұған дейін актриса маркетолог Мағжан Тілеухановқа тұрмысқа шыққаны хабарланған болатын. 13 маусымда ерлі зайыптылар некелерін мемлекеттік мекемеде және мешітте тіркеді.


Фото: Instagram @asselsadvakassova

Поделиться: