Эстрада әншісі және ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің вокалдық қабілеті туралы айтты.

Бұған дейін Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергеннің дауысы қойылмағанын атап өткен болатын.

«Кейде біз адресаттың құлағына жету үшін кейбір кеңестер, нұсқаулар береміз. Адам оларды ескере ме, жоқ па өзі шешеді. Димаш менің сөздеріме ренжіді ме білмеймін. Бірақ, анасының, жанкүйерлерінің наразы екенін естідім. Мен шынымен жаман ештеңе айтқан жоқпын. Менің кәсіби көзқарасым бойынша ол өз дауысымен жұмыс істеуі керек. Жауап ретінде ол маған: «Жарайды, мен түсіндім», — деп айтуы керек еді»,

дейді әнші.

Эстрада әншісі бұған дейін Димаш Құдайберген өзі қатысқан көптеген байқауларда жеңіске жете алмағанын атап өтті.

«Неге? Өйткені, дауысты қоюда қиындықтар болды. Ол «Жас қанат»-қа қатысқан кезде дәл осындай қателіктер болды. Димашқа қазылар алқасының дауысы жетіспеді, содан кейін мен қазылар алқасының қалған мүшелеріне: «ол барлық қатысушыларға қарағанда ең күшті дауысқа ие, оған мүмкіндік берейік», — дедім. Осыдан кейін Айман Мұсохаджаева оны қанатының астына алды. Мен оны алға жылжыту үшін барымды салдым»,

деп атап өтті әнші.

«Ал, Димаштың бүгінгі орындау деңгейіне қалай қарайсыз? Көңіліңізден шыға ма?» деген сұраққа былай жауап берді:

«Егер мен риза болсам, мен олай айтпас едім. Әлі де дауыспен жұмыс істеу керек. Тағы да қайталаймын: оның дауысы керемет, мүмкін мұндай дауыс әлемнің еш жерінде жоқ шығар. Бірақ, мұндай дауысты да дұрыс қою керек», — деп қорытындылады эстрада әншісі.


Фото: Instagram @kudaibergenov.dimash

Поделиться: