Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірлеріне 40 градустық ыстық күтілетінін айтуда. Кондиционері жоқ пәтер иелері одан қалай құтыла алады. 

Бөлмедегі ауаны салқындатудың ең оңай жолы — күн сәулесінің түсуін тоқтатып, перделерді мықтап жабу. Температура бірнеше градусқа төмендеуі мүмкін. Диффузиялық сәулелердің енуіне жол бермеу үшін жарықты тіпті бұлтты күнде де бұғаттау керек.

Перделер немесе жалюзи

Егер олар ашық реңктердегі тығыз матадан жасалған болса жақсы. «Блэкаут» перделер мен жалюзиларға назар аудар. Көбінесе олар жарықтан 100% қорғайтын ауыр және тығыз маталардан жасалады. Яғни, бөлме түн сияқты қараңғы болады.

Шағылыстыратын қабық

Пәтерде де, жеке үйде де, кеңседе де кондиционерсіз ыстықтан аман қалу үшін шағылыстыратын пленка көмектеседі. Сатып алу кезінде оның жарық беру дәрежесі бойынша өзгеретінін ескер. Жаз үшін инфрақызыл шағылысу деңгейі максималды болғаны дұрыс.

Электр құрылғыларын өшір

Электр желісіне қосылған кез-келген тұрмыстық техниканың жылу шығаратынын білеміз. Құрылғы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым одан жылу шығады. Жұмыс үшін пайдаланылмайтын ноутбукты, кофеқайнатқышты, теледидарды немесе шаш кептіргішті қолданба. Ас үйге келетін болсақ, температура басқа бөлмелерге қарағанда жоғары. Сондықтан отта немесе пеште аз пісіруге тырыс. Егер ыстық күнде тамақ пісірмесе болатын болса, оны кейінге қалдырған дұрыс.

Желдету режимін ретте

Неліктен режим? Өйткені, дұрыс сағаттарда желдету арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Күндізгі уақытта температура көрсеткіштері ең жоғары деңгейге жетеді. Ыстық күнде терезені ашқанда, қызып кеткен ауаны кіргізесің, бұл температураның одан да жоғарылауына әкеледі.

Сағат 11-ден 16-ға дейін күн белсенді. Сондықтан, осы уақыт аралығында, мүмкіндігінше, терезелерді, пердені толық жабу керек.


Фото: Unsplash: David Law

Поделиться: