Бала кезімізде бәріміз: «тәттілерді көп жеуге болмайды, тістер бұзылады»деген сөзді көп естідік. Тамақтану шын мәнінде тістің сапасына қатты әсер етеді.

Тістерді мықты және сау ұстау үшін тамақтану рационына қажет тағамдардың тізімін ұсынамыз.

Сүт және сүт өнімдері
Тіс саулығына арналған 5 тағам
Unsplash: Nikolai Chernichenko

Біздің денемізде кальцийдің жинақталу процесі 25 жылға дейін созылуы мүмкін. Әрі қарай, біздің міндетіміз — күнделікті кальцийдің қажетті мөлшерін алу. Ересек адам үшін бұл тәулігіне 1000-1200 мг құрайды. Кальцийдің және басқа да маңызды элементтердің ең қол жетімді және оңай алудың көзі — сүт және сүт өнімдері, олар тістерді мықты және сау ұстауға көмектеседі. Сүт, ірімшік сияқты, ауыздағы қышқыл деңгейін төмендетеді, бұл кириеспен күресуге көмектеседі. Лактозаға төзбеушілік жағдайында арнайы дәрумендер мен витаминдік өнімдерге назар аудара аласың.

Жапырақты көкшөп: шпинат, салат, қырыққабат
Тіс саулығына арналған 5 тағам
Unsplash: Monika Grabkowska

Ол кальцийге, фолий қышқылына және біздің тістеріміз бен қызыл иектерімізге қажет көптеген маңызды дәрумендер мен минералдарға бай. Әр тағам қабылдауда болуы керек.

Су
Тіс саулығына арналған 5 тағам
Unsplash: Giorgio Trovato

Су тамақ қалдықтарын жуады және сілекейдің жоғары деңгейін сақтайды. Бұл біздің тістерімізді кариестен қорғауға көмектеседі. Сонымен қатар, кофені немесе бояуды тудыратын басқа тағамдарды ішкеннен кейін сумен шаю тістің пигментациясын азайтуға көмектеседі.

Көк шай
Unsplash: Massimo Rinaldi

Бактериялар аузындағы қантпен қоректенеді, содан кейін эмальды бұзатын қышқылдар бөлінеді. Көк шайдың құрамындағы полифенолдар бұл процесті жеңе алады және бактерияларды басады. Сонфмен қатар, ауыз қуысында қышқыл түзетін бактериялардың болуын тежейді.

Жидектер: құлпынай, мүкжидек және басқа да жидектер 
Unsplash: Karoline Stk

Мүкжидек полифенолдарға бай және антиоксиданттық қасиеттерге ие. Балғын күйінде де, мұздатылған түрінде де қолайлы. Егер тек кептірілген мүкжидек болса, онда құрамында қант жоғын таңда.

Мүкжидек құрамында құлпынай сияқты С дәрумені көп. Өз өміріңізді тәттілендіру және тістеріңізге алаңдамау үшін мұздатылған құлпынай да жарайды.


Фото: Unsplash

Поделиться: