Қазіргі заманның ең үздік модельдерінің бірінің сұлулығының барлық құпияларын талдаймыз.
Джиджи Хадид өзінің мансабын өте ерте жастан бастады — 16 жасында. Осы жылдар ішінде Джи модельдік бизнесте жетістіктерге жетті және қазір бүкіл әлемдегі ең жоғары жалақы алатын модельдердің бірі болып табылады. Осындай тығыз кестеге қарамастан, өзін-өзі күту туралы ұмытпайды. Өйткені, әртүрлі шоулар мен фотосессиялар үшін ұзақ мерзімді өзгерістер сапалы күтімді қажет етеді. Джиджи өзінің сұлулық лайфхактарымен оқырмандарымен белсенді түрде бөліседі. 28 жасында ол көптеген брендтермен жұмыс істеді және соңында өзінің стилін тапты. Модельдің әрдайым сұлу көрінуіне көмектесетін ең маңызды сұлулық құпияларын жинадық.
Күтім минимумы
Егер Джиджидің макияж сөмкесі әр қыз ала алмайтын қымбат банкаларға толы деп ойласаң, онда қателесесің. Джиджи өзі бір кездері өте белсенді күтім жасайтынын және көптеген косметиканы қолданып көргенін мойындайды, бірақ соңында бірнеше сүйікті өнімдеріне тоқталды. Ал 2020 жылы модель қызын дүниеге алып келген болатын, содан кейін өзін-өзі күту уақыты одан да азайды. Джи теріні қалай жақсы күйде ұстай алады? Жауап қарапайым: жақсы тазарту және ылғалдандыру. Джиджи өзінің мінсіз тәртібі үшін қаражат санынан гөрі сапаны таңдады. Ол сияқты болу үшін сізге күтім жасау кезінде тазартқыш (бұл көбік немесе гель болуы мүмкін), ылғалдандырғыш, теріні ылғалдандыратын сарысу, ерін бальзамы және дене кремі болуы керек. Міне, осындай бірнеше қарапайым өнімдер ғана. Сондай-ақ, сүйікті хош иісің туралы ұмытпа. Джиджидің пікірінше, хош иіс күні бойы жақсы көңіл-күй сыйлай алады.
Табиғи косметика
Джиджи табиғи косметиканы әсіресе жазда қолданғанды ұнататынын айтты. Қыста тері белсенді күтімді қажет етеді, сондықтан модель оны мезгіл сайын өзгертуге тырысады. Оның сүйікті табиғи өнімі — зәйтүн майы. Мұндай май теріні құрғақтықтан сақтап, оны серпімді ете алады. Құралды дұрыс пайдалану туралы ұмытпа! Максималды әсерге қол жеткізу үшін кремге бірнеше тамшы қосып, массаж қозғалыстары арқылы теріге жақ. Осылайша нағыз спа ләззатын сезіне аласың.
Шаш күтімі
Джиджи табиғи аққұба шашты таңдағанымен, шашымен көп тәжірибе жасап үлгерді. Модель тіпті шашын қызыл түске де бояған, бірақ соңында оның жүрегі аққұба шашты қалады. Оған бәрі жарасады! Дегенмен көптеген жанкүйерлері табиғи реңкпен жақсы деп санайды. Сен қалай ойлайсың? Джиджиге қарап, эксперименттерден қорықпауға болады. Ең бастысы, шашқа сапалы күтім жасау және оны ылғалдандыру туралы ұмытпа.
Қанық түсті ерін
Күнделікті өмірде Джи бейтарап түсті таңдайды және кейде боямайды. Бірақ егер іс-шараларға баратын болса, онда ол ернін назардан тыс қалдырмайды. Мұнда қызыл және таңқурай түсін таңдайды. Мұндай реңктер назар аудартпай қоймайды. Сондықтан осы көктемде тәжірибе жасаудан қорықпа. Сондай-ақ, ерінге арналған қарындашпен контурдан сәл асып бояуға да болады. Оның түсі ерін далабымен сәйкес келуі керек. Джиджидің өзі де осы лайфхакты қолданады.
Жіңішке сызық + жылы реңктегі тень
Джиджидің ең сүйікті макияжы. Күнделікті макияж үшін тек жылы реңктердің күңгірт тендерін пайдаланады. Оларға қоңыр және қызғылт сары түстер жатады. Модельдің классикалық макияжын қайталау үшін қабақтың қыртысына үлпілдек щеткамен өзіңе ұнайтын реңкті жағып, оны жақсылап майдалап жақ! Осылайша көзқарасың ашық болып көрінеді. Егер Джи өз көзін ерекше көрсеткісі келсе, ол әрқашан жіңішке сызық сызады. Бұл өте оңай және нәзік көрінеді. Ең бастысы, сызықтардың бұл түрін бәрі қайталай алады. Көз контурлағышын немесе жіңішке щетканы қолдан, кірпік контур бойымен ақырын жүргіз және оны жұқа сызықпен сәл ұзарт. Макияж дайын!
Фото: Shutterstock