Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Азия чемпионатында алтын алды.
76 келіге дейінгі салмақтағы соңғы жекпе-жекте оған Қырғыстандық қарсылас Айпері Медетқызы қарсы тұрды.
Жекпе-жек Сыздықованың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Марина Седнева (55 кг) және Елена Шалыгина (68 кг) қола жүлдеге ие болған.
Сонымен қатар, грек-рим стилінің балуаны Ибрагим Магомедов те Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленген болатын.
Ендігі кезекте күрестің түрлері бойынша құрлықтық біріншілікті Астана қабылдайды. Жарыс 14 сәуірге дейін жалғасады.
Фото: United World Wrestling
Поделиться: