K-pop айдолдары қандай әтірлерді таңдайды? Сүйікті корей жұлдыздарының ұсыныстары бойынша көктемге арналған жаңа хош иістерді таңда! 

Егер өзіңнің әтіріңнен жалығып, оны жаңарту жайлы ойланып жүрсең, онда k-pop айдолдарының талғамына сен.

Ким Чэвон, LE SSERAFIM – Jo Malone English Pear & Freesia

LE SSERAFIM тобының көшбасшысы, көптеген адамдар сияқты, Jo Malone брендін жақсы көреді! Бәрінен бұрын оған алмұрт пен фрезияның жаңа комбинациясы ұнады, ол жеңіл, бірақ тұншықтырмайтын тәтті исті ұнататындар үшін өте қолайлы. Ең қызығы, Чэвон әтір емес, шашқа арналған мистті пайдаланады.

Джису, BLACKPINK – Miss Dior Blooming Bouquet

Әрине, Dior амбассадоры өз брендін таңдайтыны анық. Көптеген нұсқалардың ішінен Джису роллер форматындағы Miss Dior Blooming Bouquet гүлді хош исін таңдады. Көктем мен жазда кез-келген көңіл-күй мен киімге жақсы үйлеседі. 

Тэён, Girls’ Generation – Hermès H24

Girls’ Generation жетекшісі, нарцисс, раушан ағашы және скларен хош иістері бар Hermès-тің күрделі H24 гүлді-ағаш хош иісіне тоқталды. Ерекшеленгісі келетіндерге сәйкес келетін, артық тәттіліксіз жарқын хош ис. 

Хваса, MAMAMOO – Creed Royal Water

MAMAMOO тобының мүшесі қарапайым емес хош иістерді таңдайды, оның таңдауы CREED Royal Water унисекс хош исі. Лайм, мандарин, бергамот және жалбыз исін ұнататындар үшін керемет таңдау.

Чон Соми – YSL Libre и Jo Malone Basil & Neroli

Соми екі хош иіске — YSL Libre және Jo Malone Basil & Neroli-ге деген сүйіспеншілігін білдірді. Біріншісі ваниль ноталары бар сергітетін хош ис жанкүйерлеріне, ал екіншісі цитрус, мускус реңктерінің жанкүйерлеріне ұнауы мүмкін. Қайсысы көбірек ұнайтынын таңда. 

Сонми – Maison Francis Kurkdjian 754

Соло орындаушы Сонми Maison Francis Кurkdjian 754 бейтарап хош иісін таңдады, ол барлығына дерлік сәйкес келеді. Лимон, алқаптың лалагүлі, сандал ағашы бар мускус негізіндегі фрезиясы бар жайлы гүлді-жемісті композиция хош ис жанкүйерлері арасында әмбебаптығымен танымал.

Чан Вонён – Prada Candy

Чан Вонён өзінің имиджіне сәйкес келетін хош иісті таңдады – карамель Prada Candy. Егер қантты-тәтті хош иістерді ұнатсаң, онда бұл исті өзінің коллекцияңа қоссаң болады. Карамель, мускус және ваниль ноталары сені баурап, жақсы көңіл-күй сыйлайды. 


Фото: Instagram/ @_chaechae_1/ @sooyaaa__/ @taeyeon_ss/ @_mariahwasa/ @somsomi0309/ @miyayeah/ @for_everyoung10/ Sephora

Поделиться: