Айсауле Бақытбек жүкті

Қазақстандық блогер және кәсіпкер Айсауле Бақытбек Instagram желісіндегі оқырмандарымен жүктілік жайлы және екінші балаға қалай шешім қабылдағаны туралы бөлісті.

Оқырмандарының бірі блогерден жүктіліктің жоспарланғаны туралы сұрады. Айсауленің айтуынша, олар күйеуімен тағы балалы болуды жоспарлаған. 

«Біз екінші баланы қаладық және күттік», – деп жауап берді Айсауле. 

Айсауле Бақытбек жүкті

Блогер не себепті бірінші баладан кейін небәрі бір жылдан аса уақыт өткен соң, екінші балалы болу туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Менің жағдайымда, бұл мәселе босануға физикалық тұрғыдан емес, моральдық тұрғыдан шешілетін сияқты. Білмеймін, мен босанғаннан кейін бірінші айтқаным: «Бұл соншалықты қорқынышты емес, тағы босануға болады екен»,

деп түсіндірді. 

Сондай-ақ, блогер оған бұл қадамға бару қиын емес екенін айтты, өйткені оны қолдайтын, оған көмектесетін адамдар көп. Айсауленің айтуынша, ол ана болудан үлкен ләззат алады.

«Моральдық тұрғыдан менде көп қолдау мен көмек бар, мен ана болудан рахат аламын. Егер отбасыңда бәрі жақсы болса, денсаулығың жақсы болса, көмекшіге ақы төлеу мүмкіндігі бар болса, неге босанбасқа? Қызымның әлемдегі ең жақын адамы болады, құдай қаласа!»,

деді блогер.

Фото: Instagram/ @aissaulebakytbek

Поделиться: