
Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева күйеуінің қазір немен айналысып жүргенін айтты.
Вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелі жаман ниетті адамдар пайда болғанын айтты. Белгілі болғандай, бейтаныс адамдар Мейіржанның атынан телеграмм каналын ашып, сондағы оқырмандармен сөйлесіп жүрген. Мұны білгеннен кейін Дана бұл жалған ақпарат екенін хабарлады.
«Біреу Мейіржанның атынан Telegram каналын ашқан. Онда ол барлығымен сөйлесіп жүр екен. Мейіржанның көк белгісі болмаған, оның көк белгісі бар. Оларға сенбеңіздер. Мейіржанның әлеуметтік желілері жоқ. Instagram, бәрі қазір менде, мен оның парақшасын жүргіземін»,
деп түсіндірді Дана.
Еске сала кетейік, Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасы туралы іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың соты жалғасуда.
Фото: Instagram/ @dana_yesseyeva @aben.photo
Поделиться: