Darkhan Juzz

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров, брифингте Таиландта жол апатынан қаза тапқан қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің денесін 28 ақпанда жеткізетінін хабарлады.

Айбек Смадияров Таиландта қаза тапқан қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің туыстарымен және продюсерімен байланыста екенін айтты. 

«Дене ертең Пхукеттен Алматыға жеткізіледі. Air Astana авиакомпаниясы денені тасымалдау бойынша барлық шығындарды өз мойнына алды. Салттық қызметтерді сол жерде онымен бірге демалған достары төледі»,

деп қосты ол. 

Продюсердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол денені тасымалдауға қаражат жинау оқиға орын алған күні жарияланғанын, бірақ кейінірек барлық жиналған қаражатты марқұмның туыстарына беру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Darkhan Juzz

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Darkhan Juzz қайтыс болғаны белгілі болды. Кейін ҚР СІМ музыканттың қаза болу мән-жайларын ашты. 

Сондай-ақ, рэп орындаушысының аяқталмаған альбомы шығарылатыны белгілі болды. Әртістің барлық әндерінің құқықтар оның ұлы Ади мен қызы Айданаға тиесілі болады.

Марқұмның әйелі оған әсерлі сөздерді арнады. Ол Дарханның қандай қамқор күйеу және әке болғанын айтты.


Фото: Instagram/ @d.juzz

Поделиться: