Үлкен өзгеріс жасағың келіп жүр немесе жай ғана шаш ұштарын кескің келе ме? Біз саған шаштаразға баратын қолайлы күндерді айтамыз!
Дұрыс күнді таңдауға көмектесеміз, сонда нәтижесі көңіліңнен шығады!
2024 жылдың қараша айында шаш ұштарын кесуге қолайлы күндер
Шашты сау және әдемі ұстау үшін ұштарын кесіп отыру керек. Сол кезде керемет жаңарып, жылтырлап қалатынын байқаған шығарсың. Алайда, көптеген қыздар шаштың ұзындығын сақтап қалу үшін ұштарын кеспейді, егер сен де солай ойласаң, онда осы күндері шаштаразға жазыл: 6, 7, 9, 15 қараша. Бұл күндері қиған шаш тез өседі!
2024 қарашасында қысқа шаш қию үшін қолайлы күндер
Қысқа шашты ұнататын қыздар көбінесе шаштың тез өсіп, бастапқы келбетін жоғалтатынын жиі байқайды. Уайымдама, мұндай жағдайлар үшін арнайы күндер де бар: 21, 22, 23, 28 қараша. Шаш баяу өседі және шаш пішіні ұзағырақ сақталады.
Қараша айында шашпен тәжірибе жасау үшін қолайлы күндер
Кейде өмірді жаңа парақтан бастағымыз келеді, көптеген қыздар сондай кезде сырт келбетін түбегейлі өзгертіп жатады. Біз әрқашан осындай батыл шешімдерді қолдаймыз, сондықтан өзгерістерге деген қолайлы күндерді жазып ал: 8, 13, 23, 24, 28 қараша.
2024 жылдың қарашасында шаш қиюға қолайсыз күндері
Кез келген күнтізбе сияқты, қолайсыз күндер де бар. Төменде көрсетілген күндері шаштаразға барудан бас тартқан дұрыс: 1, 2, 10, 12, 18, 19 қараша. Иә, мұндай күндер көп болып тұр, бірақ осы уақытта үйде күтім жасай аласың. Мысалы, шашыңды жылтыр және әдемі ететін нәрлендіретін шаш маскасын жақ!
Фото: Instagram