2023 жылдың қыркүйегінде махаббатын кездестіретін жұлдыз жорамал белгілері     
Pexels: Rovshan Nazirli

Алдағы апталарда кімнің жолы болатыны біл!

Әрине, қыркүйек көбінесе жұмыс пен оқуға арналған, сондықтан көптеген адамдар күзде махаббатты табу мүмкін емес деп ойлайды. Бақытымызға орай, жұлдыздар бұған келіспейді. Олай болса, осы айда жолы болатын үш адамды атаймыз.

Арыстан

Егер күзде өз адамымды жолықтырмаймын деп ойласаң, қорытынды жасауға асықпа. Қазір өміріңде қиындықтар болуы мүмкін. Сені қолдағысы келетін, сезімін білдіргісі келетін адам жолығады. Бұрыннан таныс дос жігіт болуы мүмкін немесе жаңа таныстық орын алуы да ықтимал.

Тауешкі

Мүмкін, сенің қазір мүлде қолың босамай жүрген шығар, бірақ жұлдыздар саған көмектеседі. Сенің өміріңде қазір шынымен де қамқорлықты көрсете алатын және шаршаған кезде жаныңнан табылатын адам қажет. Алдағы екі аптада айналаңдағы су және әуе белгілерінің жігіттеріне назар аудар. Мүмкін олардың біреуіне күтпеген жерден сезімің ашылады.

Балықтар

Шындыққа келсек, сен қазірдің өзінде біреуге ғашықсың. Жұлдыздар саған махаббат сыйлауға дайын, бірақ сені бір сымбатты жігіт арқылы сынауы мүмкін. Сезіміңнің беріктігі сыналады. Кеңес: адам қанша сымбатты болса да, оны білмей жатып артынан еріп кетпе. Ақылды болып, әр қадамыңды ойланып бас.


Фото: Pexels

Поделиться: