2023 жылдың көктемге арналған ең сәнді аяқ киім

Қыстың соңғы айы аяқталуға жақын. Күн жылынып, көктем шыққанда қандай аяқ киімнің ең сәнді болатынын білесің бе?

Біз етік сияқты маусымдық аяқ киім туралы емес, жазға өту кезінде пайдалы болатын жалпы баламалар туралы айтамыз. Гардеробыңа қандай модельдерді қосу керектігін біл. 

Лоферлер
2023 жылдың көктемге арналған ең сәнді аяқ киім

Былғары лоферлер – бұл өмір бойы инвестиция. Бұл модельді Хейли Бибер, Ирина Шейк, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен fashion-инфлюенсерлер жақсы көреді. Күткеніміздей, олар осы көктемде біздің өмірімізге қайта оралады және осы себепті классикалық үлгідегі аяқ киімді сатып алу өте орынды шешім болып табылады. Лоферлер әмбебап, олар бәріне дерлік сәйкес келеді. Ақ түсті шұлықтармен үйлестіріп кисе де өте ұтымды көрінеді.

Кеды
2023 жылдың көктемге арналған ең сәнді аяқ киім

Классикалық кроссовкалар жұбы сәйкес келмейтін аутфитті ойлап табу қиын. Егер 2022 жылы New Balance 550 әйгілі болса, 2023 жылы Adidas Samba сұранысқа ие болмақ. Тарихи классика минималистік және ерекше дизайн арқылы жаңа өмірге ие болды. Кендалл Дженнер мен Кайя Гербердің таңдаулылар тізіміндегі кроссовкалар. Егер бұл онлайн-дүкендерде sold out болса, Spezial және Gazelle сияқты ұқсас  модельдерге назар аудар. 

Сабо
2023 жылдың көктемге арналған ең сәнді аяқ киім

Егер сен сәнді жайлылықты қаласаң – жайлы сабо сіз үшін жасалған. Lust тренд есебіне сәйкес, Birkenstock Boston сабосы өткен жылы ең танымал аяқ киім болды. Бәрі оның танымалдығы 2023-да өсе беретінін айтады. Макси-юбка, табиғи реңктегі шалбар және кез-келген outfit-ке ерекше үйлесімдік сыйлайды. 

Жүгіруге арналған спорттық аяқ киім
2023 жылдың көктемге арналған ең сәнді аяқ киім

Бұл аяқ киім түрі сәнді болғанымен қатар, күні бойы жайлылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көйлектермен, юбкалармен және шалбар костюмдерімен тамаша үйлеседі. Негізгі кроссовкалардан айырмашылығы, көлемді модельдер әлдеқайда қызықты көрінеді және ерекше көңіл-күй сыйлайды.


Фото: Instagram/ @haileybieber/ @mathildegoehler/ @valentina_muntoni/ @hoskelsa

Поделиться: