Күздің аяғы мен қыстың басы — қарым-қатынасқа айналатын танысу үшін ең жақсы уақыт. Олай болса, кімің жолы болатынын айтамыз.

2023 жыл аяқталуға жақын, бірақ қорытынды жасауға асықпа. Бәрі әлі алда. Әрине, бәрінің бірдей жолы бола бермейді, бірақ кейбіреулер қараша айының соңында жеке өмірін құра алады. Жыл соңына дейін сүйікті адамын кездестіретін белгілерге мұқият болу керек. Мүмкіндікті жіберіп алмау маңызды.

Тоқты 

Егер сенде осы жылдың басынан бастап сәтсіз қарым-қатынаста болсаң, енді саған жұлдыздар тосын сый жасайды. Сен айналаңдағалыларға ашық боласың, соның арқасында көптеген жаңа адамдармен танысасың. Жаңа дос немесе тіпті әріптесің өмірлік махаббатыңа айналуы мүмкін.

Егіздер

Егіздер шоқжұлдызының астында туылған адамдар алдыңғы айларда жеке өмірлерінде біраз қиындықтар болды. Біреулері сол қарым-қатынастан жалыққанын және мезі болғанын сезді, ал кейбіреуі үнемі жанжалдасты. Сүйіктісімен мүлдем ажырасқандар да бар.

Жұлдыздар егіздерге жеке өмірінде жағымды өзгерістер жасауға уәде береді. Қараша айының соңында жолың болып, өз адамыңды жолықтырасың.

Шаян

2023 жылдың соңы шаяндарға махаббат тұрғысынан көптеген күтпеген және жағымды тосынсыйлар уәде етіледі. Жаңа жыл қарсаңында сен ұзақ және берік қарым-қатынас орната алатын адаммен кездесуге мүмкіндік аласың. Бұл қарым-қатынас өте сәтті болады.

Сарышаян

2023 жылы су элементінің өкілдері өз серігін жолықтырады. Кездесу күтпеген жерден болады. Бұл кездейсоқ танысу болуы мүмкін: жұмыста, спортзалда немесе дүкенде. Сондықтан егер кенеттен сүйкімді жігітпен танысқың келсе, оған мүмкіндік бер.


Фото: Unsplash

Поделиться: