фитнес-трендтері

Күнделікті қарапайым жаттығулардан шаршадың ба? 2023 жылы қалай ерекше жаттығуға болатынын біл!

Жаңа жыл — бұл өзіңді қолға алуға және өзіңнің жаңа және жақсы нұсқаңды құруға тамаша уақыт. Трансформацияны денеден бастауға болады. Фитнес трендтері бір орында тұрмайды: 2023 жылда жеңілдетуге және онлайн бағытқа бейімдеуге бет бұрды. 

Виртуалды шындық жаттығулары 

Егер сен спортзалға баруды ұнатпасаң және әртүрлілікті қаласаң, онда жаттығудың бұл түрі саған ұнайды. Енді  фитнесті келесі деңгейге көтеретін виртуалды шындық гарнитураларын сатып алуға болады. Кеңестерді қолдана аласың, жаттығуларыңның түрі мен форматын өзгерте аласың. Сондай-ақ, өзіңнің қалауыңа сәйкес келетін жаттығу бағдарламаларына жазыла аласың. Ия, бұл өте қымбат, бірақ уақыт өте келе ол қол жетімді және ыңғайлы спорт түріне айналады.

фитнес-трендтері
Менталды денсаулықты қолдау

Менталды денсаулық — өткен және болашақ жылдардың басты тақырыптарының бірі. Психологқа бару және эмоционалды күймен айналысу ұят емес, керісінше өте пайдалы және дұрыс. 2023 жылы өзіңді жақсы сезінуге көмектесетін тыныш жаттығуларға бейімділік айқын көрінеді. Спорт менталды денсаулықты жақсартуда өте жақсы, сондықтан қазір шаршауға арналған жаттығулар сәнде емес. 

Қарапайым қозғалыстар 

2023 жылы «бастапқы/алғашқы қозғалыстар» функционалды жаттығуларының жаңа түрі пайда болады. Олардың мәні — біздің денеміз құрылған дене қимылдарына мән беру: отырып-тұру, итерулер, және басқа қарарайым жаттығулар. Бізге таныс 7 негізгі қозғалысты біріктіре отырып, жаттығулар табиғи және жеңіл болады, сонымен қатар ол денеңізді нығайтады және күнделікті әрекеттерден кейін арқа мен аяқтың ауырсынуын азайтады.

Би жаттығулары 

Зумба, джазерсайз және би жаттығуларының басқа түрлері туралы естігеніңе сенімдімін. 2023 жылы жаттығудың бұл түрі өте танымал болады, өйткені билеп жатқанда, қуат пен қуанышқа толы боласың және мұндай сезімдер күш жаттығуларымен салыстырылмайды. Аптасына бірнеше рет би жаттығуларымен айналыс, сонда дене тонусын сезінесің және калориялар жойылады.


Фото: Unsplash

Поделиться: