қазақстандықтар тыңдаған 10 ән

Қазақстандықтар жиі тыңдаған 10 үздік әндер топтамасын ұсынамыз.

Биылғы жылдың басты музыкалық композициясы Shiza мен Ирина Қайратовна тобының «Kok tu» әні болды. Трек музыкалық сервисте ең көп тыңдалған. Бейнеклипке келетін болсақ, ол 8 айда 11 миллион қаралым жинады.

https://www.youtube.com/embed/PUilAIADiAc

Рейтингтің екінші қатарында Қырғызстанның Ulukmanapo & Bakr музыканттарының «Расстояние» трегі орналасқан. Айта кетейік, бұл ән Tikoka трендінің арқасында танымал болды. 

Ал үшінші қатарда ресейлік орындаушы Аnna Asti дебюттік жеке альбомындағы «По барам» әні. Төртінші орында Artik & Asti «Гармония». «Черная любовь» атты ELMAN мен MONA дуэті ең көп тыңдалған 5 композицияны аяқтайды.

Үздік ондыққа келесі тректер де кірген:

  • «Феникс» – Anna Asti
  • «Ты и я» – Xcho
  • Belly Dancer – Imanbek и BYOR
  • «Осень» – Баста и Andro
  • «Про любовь» – Xcho

Рейтингке қарасақ, қазақстандықтар отандық орындаушылар мен таяу шетелден келген әртістердің шығармашылығын көп тыңдай бастағанын аңғарсақ болады. 


Фото: Unsplash/ Instagram @w.askhat.w

Поделиться: