
Instagram: @makosyai
Танымал қазақстандық әнші Мақпал Исабекова өз жанкүйерлерін жаңа бейне жазбамен қуантты.
«Жаңа оқиға – жаңа рөл!»,
деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Бейнероликте Мақпал Исабекова мен Rin’Go тобының экс-солисі Батыр Байназаров бір-бірін қатты жақсы көретін, бірақ қандай да бір себептермен айырылысып кеткен екі жастың рөлін сомдады. Видеода төмендегідей әңгіме айтылды:
— Батыр: «Сен әдемісің. Иә, айтпақшы, қалайсың өзі, жалпы?»
— Мақпал: «Неге мұнда келдің?»
— Батыр: «Мен сені сағындым. Жақында ғана отбасы құрғымыз келген сияқты еді, сен кенеттен… Сене алар емеспін… Бәрін қайтадан бастай аламыз ба?»
— Мақпал: «Бұл мүмкін емес».
Мақпал Исабекова өз оқырмандарына сұрақ қойды.
«Жалғасы қалай болады деп ойлайсыз? Пікір жазыңыз»,
деп қосты ол.
Қысқа уақыт ішінде пост бірнеше мың лайк пен 900 мыңнан аса қаралым жинады.
Фото: Instagram