
Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Отбасымен Дубайға демалуға ұшып кеткен қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желі қолданушыларына оның жұбайы, әнші Қайрат Нұртас қайда «жоғалып кеткенін» айтты.
Жұлдыз cоңғы күндері оны іздеп, уайымдаған оқырмандарына барлығы жақсы екенін мәлімдеді. Ол неге әлеуметтік желіде белсенді емес екенін түсіндірді. Актрисаның тамағы ауырып қалыпты, бірақ қазір бәрі жақсы.
«Бастысы позитивте, көңіл-күй керемет. Сондықтан уайымдамаңыздар. Қайта оралып жатырмын»,
деді Қайраттың әйелі.
Жұлдыз, сондай-ақ, отбасылық кешкі асының қалай өткенін көрсетті. Дастархан басынан олардың балалары – Алау, Нарұл және Хан, сондай-ақ отағасы Қайрат Нұртасты көруге болады. Жұлдыздың айтуынша, Қайраттың жанкүйерлері оның парақшасынан әншіні іздеген.
«Кеш жарық, Қайреке. Сіздің оқырмандарыңыз менің парақшамда адасып жүр. Сұрап жатыр, «Қайрекең қайда?» деп. Ол осында. Әрине, балалардың әкесі»,
деді актриса.
Қайраттың өзі әйелі екеуінің парақшасы бөлек екенін айтты.
«Жалпы, мені іздеп жатыр екенсіздер Жұлдыздың парақшасынан. Бұл кісі бөлек контент. Мен бөлек контент. Мені таппай жатқандарыңыз болса, менің өзімнің парақшама кіріп, мені көрсеңіздер болады. Лүпілдеріңізді басып кетіңіздер. Күтемін»,
деді Қайрат Нұртас.
Фото: Instagram