Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Маспаломас қаласында өткен W100 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 04 августа 2026, 12:25
Жібек Құламбаева Испания
Instagram: @kulambayevaa

Жібек Құламбаева жұптық сында чехиялық Анна Шишковамен бірге өнер көрсетіп, турнирде екінші нөмірлі жұп ретінде тіркелген болатын.

Финалда Құламбаева мен Шишкова чехиялық Доминика Салкова және швециялық Лиза Заар жұбымен кездесті.

Шешуші матч екі сетке созылып, қазақстандық-чеxиялық жұп 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.


Фото: Instagram

Дереккөз: Olympic.kz

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше