Өнер иесі өзі көптен армандаған, бірақ оңайға соқпаған ерекше сапардан алған әсерін баяндады.
«Тибет. Қайлас тауын айналып өту. Мен бұл сапарды көптен бері армандадым. Ақыры арманым орындалды. Қиын болды ма? Өте қиын. Адамдар мұның қаншалықты ауыр екенін неге айтпайды деп те ойладым. Қайта өмірге келгендей болдым. Кейін бұл сапардың шынайы келбетін, еш боямасыз міндетті түрде көрсетемін. Өйткені бұл нағыз сынақ болды. Бүгін біз кораны толық аяқтадық. Күн сайын жыладым. Қазір де көзіме жас келіп отыр. Оның себебі – бақыт па, әлде жан дүниемнің жеңілдеп, азат болғаны ма, өзім де білмеймін», –
деп жазды актриса.
Фариза қазіргі таңда өзін жақсы сезінетінін және демалып жатқанын айтты.
«Қайлас – шын мәнінде тылсымға толы тау. Бұған өз көзім жетті. Мұнда ерекше қуат, асқақ рухани әрі трансцендентті энергия бар. Бұрын оған толық сене қоймаған едім. Бірақ бір күні бұл жерге өзіңіз келсеңіз, оны сіз де сезінуіңіз мүмкін. Ал әзірге маған өз-өзіме келіп, күшімді қалпына келтіру үшін біраз уақыт қажет. Бұл жазбаны мен үшін алаңдап жүргендер уайымдамасын деп жариялап отырмын. Көпшілік жағдайымды сұрап, хабарласып жатыр. Мен әлі де Тибеттегі Дарчен қалашығындамын. Демалып жатырмын. Осы сапарда бастан өткергеннің бәрін ой елегінен өткізіп, содан кейін ғана сіздерге толық айтып беремін. Жақын арада қайта байланысқа шығамын. Баршаңызды құшақтаймын», –
деді Фариза.
Желі қолданушылары мен әріптестері актрисаның жазбасына жылы лебіздерін білдірді.
«Сенбей тұрмын, бұл сапар туралы тезірек естігім келеді», «Сен үшін қатты қуаныштымын», «Қандай ғажап қуат!», «Менде осылай барғым келеді, тек өзім және ойларым», – деп пікір қалдырды олар.
Фото: Instagram