Режиссер Instagram парақшасында қалыңдығының ұзату тойында түсірілген кадрлармен бөлісті. Жарияланған суреттерден оның сүйіктісі Тараз қаласының тумасы Ажар есімді бойжеткен екенін байқауға болады.
Бұдан бөлек, желі қолданушылары арасында Қуаныш Бейсектің алдағы тойына арналған костюмін таңдап жүрген сәті түсірілген бейне де тарады.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен 2023 жылдың сәуір айында шаңырақ көтерген еді. Кейін, 2025 жылдың наурызында олар айырылысып кеткендерін мәлімдеді. Жастар бұл қадамның өзара келісім негізінде жасалғанын айтып, алдағы уақытта да сыйластық пен достық қарым-қатынасты сақтайтындарын айтты.
Фото: Instagram