Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында марапаттау рәсімінен видео жариялап хабарлады.
Марапаттау рәсімі Францияда Канн кинофестивалі аясында өтті. Бұл жеңіс қазақстандық блогердің әлемге танымал инфлюенсерлермен бір қатардан көрінуіне мүмкіндік берді.
WIBA Awards 2026 — digital-контент саласындағы беделді халықаралық марапаттардың бірі. Сыйлық интернет-индустрияға ықпал етіп, кең аудиторияның назарын аударған авторларға табысталады.
Дастан Мұхамедрахимнің видеолары кинематографиялық стилімен ерекшеленеді. Ол өз роликтерінде табиғатты, қалалардың атмосферасын және түрлі елдердің мәдениетін көрсетеді. Соңғы бір жылда оның көптеген жарияланымдары миллиондаған қаралым жинап, кейбір видеолары Instagram-ның ресми парақшалары мен ұсыныстар бөліміне шыққан.
Әлеуметтік желі қолданушылары мен әріптестері блогерді жеңісімен құттықтап, бұл оқиғаны қазақстандық блогинг үшін маңызды жетістік деп бағалауда.
Фото: Instagram