Айым Айсәуле Бақытбек YouTube-тағы «Syrlasu» бағдарламасына қонақ болып, блог жүргізуді қалай бастағанын, ажырасқаннан кейінгі өмірін қайта қалыпқа келтіру жолын және сұлулық салонын ашу тәжірибесін бөлісті.
Блогер бірнеше жылдар бойы таққан орамалын шешкеннен кейін хейттің астында қалған. Айымның айтуынша, ол бұл шешімді ұзақ ойлана келе қабылдаған.
«Сол кездері мен қатты шаршап кеттім. Әсіресе, адамдардың мені әулие деп санағандарынан шаршадым. Бастапқыда дінге басыммен кіріп кеттім. Кейіннен хиджабты кию қатты маңызды емес екенін түсіндім», —
деді Аека.
Блогер орамалда жүрген кезде шашын сәндеп, тырнағын бояған қыздарға қызыға қарағанын жасырмады. Ұзақ уақыт ойлана келе хиджабтан бас тартқанда адамдардың не айтатыны маңызды болмаған.
«Мен қатты шаршап кеттім. Маған басқалардың ойына бәрібір болды. Негізі хейт маған ауыр тиеді. Бірақ, бұл жолы жақсы қарадым. Адамдар екі-үш жазды да, мені осы күйіммен қабылдап кетті», —
деп бөлісті блогер.
Фото: Instagram