Арудың ұзату тойы Алматы қаласында өтті. Бұл туралы модель өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, видео жариялады.
«Ұядан ұшқан күнім», —
деп жазды Данэль.
Айта кетейік, жұп ұзақ уақыт бойы қыз-жігіт болып жүрген. Өткен жылдың қазан айында Асхат Таиландта сөз салған болатын.
«Екі жас бақытты болсын», «Анасына ұқсайды екен», «Болашақта балаларың әдемі болады», «Өте әдемі жұп», — деп жазды Асхат пен Данэльдің оқырмандары.
Фото: Instagram