Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңіп, келесі қарсыласының есімін білді

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид турнирінің үшінші айналымындағы тартысты матчта Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді тізе бүктіріп, жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 27 апреля 2026, 10:58
Рыбакина Олимпиада
Instagram: @lenarybakina

140 минутқа созылған үш сеттік кездесуде Рыбакина:

  • 7 рет эйс жасады;
  • 1 рет қос қателік жіберді;
  • 9 брейк-пойнттың 4-еуін сәтті пайдаланды.

Ал Циньвэнь 9 эйс жасап, 9 рет қос қателікке бой алдырды және 6 брейк-пойнттың 3-еуін өз пайдасына шешті. Қорытынды есеп — 4:6, 6:4, 6:3, жеңіс Қазақстанның бірінші ракеткасының еншісінде.

Осылайша, Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты. Оның келесі қарсыласы — аустриялық Анастасия Потапова.

Кездесу шамамен 28 сәуір күні сағат 00:10-да басталады.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше