«Осында жарты жылдан бері тұрып жатқандаймыз»: Аружан Жазылбекова Тунистегі өмірі туралы айтты

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова қазір Тунисте жүр. Ол жаңа фильмнің түсіріліміне отбасымен бірге барған.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 15 мая 2026, 11:37
Аружан Жазылбекова
Instagram: @arujazz

Актрисаның айтуынша, оның Тунисте жүргеніне 37 күн болған.

«Түсірілімнің дәл ортасына да жеттік. Мұнда уақыт мүлде басқаша өтетіндей әсер қалдырады. Кейде жаңа ғана келгендей боламыз, ал кейде осында жарты жылдан бері тұрып жатқандай сезінеміз. Біртіндеп өз маршруттарымыз, сүйікті кафелеріміз пайда болды. Үйден шығар алдында желді тексеру әдетке айналды. Тіпті бұл жердегі теңіз де өзіміздікіндей болып кетті. Қазір менде бір апта демалыс бар. Аздап тынығып, асықпай, жай ғана өмір сүруге мүмкіндік туды. Кейін елдің ішкі бөлігіне, шөлге жақынырақ жерге барып, фильмнің келесі бөлімін түсіреміз. Ыстық болады», –

деді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары актрисаның жазбасына: «Неткен сұлу!», «Үйге қашан қайтасыз?», «Тамақтары дәмді ме екен?», «Бір кезде тунистік жігітке тұрмысқа шыға жаздағанмын», «Керемет!», – деген пікірлер қалдырды.

Еске салайық, бұған дейін Аружан Жазылбекова Тунистегі түсірілім жұмыстары туралы айтып берген еді. Ол мұндай рөлді бұрын-соңды ойнап көрмегенін мойындаған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше